Шымкентте әтір ұрлаумен айналысқан анасы мен қызы ұсталды

Сурет: zakon.kz
Шымкентте анасы мен қызы сөредегі тауарларды мұқият қарап жүргендей кейіп танытып, қымбат әтірлерді тез әрі байқатпай сөмкеге салып әкеткен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

әл-Фараби аудандық полиция басқармасына қаладағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан косметика дүкенінен парфюмерия ұрланғаны туралы хабарлама жеткен.

Арызданушы екі адамның сауда орнынан парфюмерия өнімдерін жасырын түрде алып кеткенін көрсетті. Сондай-ақ олар бұған дейін де үш рет осы дүкенге келіп ұрлық жасаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтады. Олар жергілікті тұрғындар – анасы мен қызы болып шықты.


Олар сөредегі тауарларды мұқият қарап жүргендей кейіп танытып, қымбат әтірлерді тез әрі байқатпай сөмкеге салып, артынша сауда нүктесінен кетуге асыққан.

Қазіргі таңда, полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу амалдары аяқталған соң қылмыстық іс процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды