Солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстігінде, орталығында ғана жаңбыр жауады. Елімізде түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және солтүстікте екпінді жел соғады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстіктен жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +17+19°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +21+23°С.
Шымкентте – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +26+28°С.