Қазақстанда еңбек мигранттарының саны азайды

Сурет: freepik
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде жұмыс істейтін шетел азаматтарының саны жөнінде мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 571 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат берілгендер арасында мынадай санаттар бар:

"Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 322 және 727 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 956 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 307 адам тартылды".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 424 жұмыс беруші бар. Оларда 474,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,9% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

"Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2023 жылдың 26 ​​қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарихи отанына оралған этникалық қазақтар туралы мәліметтерді ұсынды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,2 мың этникалық қазақ оралды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды