Алматыда 21 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған

Сурет: polisia.kz
Алматыда 21 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған. Үш келіден астам синтетикалық есірткіні Түркістан облысының тумасы жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Демченко көшесіндегі жалға алынған үйлердің бірінде синтетикалық есірткі шығаратын цех жұмыс істеп тұрған.

"21 жастағы С.есімді азамат алғашында есірткіні жасырын қоюмен айналысқандығы анықталды. Содан кейін өзін синтетикалық препараттарды өңдеу және тазарту саласында “химик” ретінде сынап көруді шешті. Жас лаборант интернет ресурстары арқылы нұсқаулар алды. Оның міндеттеріне жасырын түрде, шикізаттың үлкен партиясын қабылдау, оны өңдеп, бояғыштар мен хош иістер қосып, кептіріп, өлшеп, кейіннен қала аумағында көп мөлшерде жасырын қойып кету болды". Алматы қаласы ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов

Тінту кезінде полиция қызметкерлері түрлі түсті белгісіз заттар салынған түрлі ыдыстарды, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар, хош иістендіргіштер, қолғаптар, маскалар және синтетикалық психотроптық заттарды өндіруде қолданылатын басқа да керек-жарақтар, дайын өнім – мефедрон синтетикалық есірткісі тәркіленді, жалпы салмағы 3 келіден асады. Пәтерден табылғанның бәрі: сұйық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді