Шығыс Қазақстандағы екі жаңа әуежайдың құрылысы қай кезеңде

Шығыс Қазақстандағы екі жаңа әуежайдың құрылысы қай кезеңде, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 15:08 Сурет: «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ
Шығыс Қазақстан облысында Зайсан және Катонқарағай әуежайлары салынып жатыр. Олардың бірін сертификаттау рәсімі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мәліметінше, Зайсан әуежайында ұшу-қону жолағының, перронның, ұшақтардың жерде жүруіне арналған жолдың, кірме жолдар мен негізгі инженерлік желілердің құрылысы аяқталған. Сондай-ақ жарық-сигналдық және радионавигациялық жабдықтар орнатылған.

"Қазір әуежай инфрақұрылымына кіретін ғимараттарда әрлеу, жабдықтарды монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жалғасып жатыр. Жобаны іске асырудың соңғы кезеңдерінің бірі ретінде Зайсан әуеайлағын сертификаттау рәсімі басталды. Оны Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізеді", – деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 16 қарашада.

Катонқарағай әуежайында ұшу-қону жолағының, перронның, ұшақтардың жерде жүруіне арналған жолдың және блокты-модульдік қазандықтың құрылысы аяқталған. Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолды басқа жерге көшіру жұмыстары біткен.

Қазір инженерлік желілер мен тазарту құрылыстарын салу, әуежай инфрақұрылымына кіретін ғимараттарды әрлеу және аэронавигациялық жабдықтарды орнату жұмыстары жалғасып жатыр.

Әуежайлардың құрылысы 2024 жылы басталған. Зайсандағы әуежайдың құны шамамен 68 млрд теңгені, Катонқарағайдағы әуежайдың құны шамамен 89 млрд теңгені құрайды. Екі әуежайды да 2027 жылдың бірінші жартысында іске қосу жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: