Астанада жаңа әуежай құрылысы қай кезеңде
Фото: akorda.kz
Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астанада жаңа әуежай салу жобасы әзірлеу кезеңінде екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бұл бағытта қала әкімдігі жетекшілік ететін жұмыс тобы құрылған, оның құрамына барлық жауапты органдар енгізілген.
"Бұл мәселе өте мұқият әрі жан-жақты дайындықты талап етеді, себебі көптеген көрсеткіштер бар. Қазіргі уақытта жұмыс басталып, жалғасып жатыр. Барлық техникалық мамандар мен сарапшылар түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр", – деді ол.
Сондай-ақ, ол жаңа әуежай барлық заманауи талаптар мен стандарттарға сай келетін ірі әуе хабы болатынын растады.
Еске салсақ, 2025 жылғы 24 желтоқсанда Астанада жаңа әуежай салу мәселесі бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript