Домбыраны ұшақтың салонында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев 2026 жылғы 19 наурызда Сенат кулуарында домбыраны ұшақ салонында тасымалдау мәселесі мамыр айына дейін реттелуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер авиакомпаниялар тарапынан жолаушыларға қосымша жеңілдіктер қарастырыла ма және домбыраны салонға алып кіруге рұқсат беріле ме деген сұрақ қойды.
"Бұл мәселе қазір қаралып жатыр. Азаматтық авиация комитетіне музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыраны тасымалдау тәртібін заңнамалық тұрғыда реттеу тапсырылған. Жақын арада жолаушыларды, жүкті және багажды тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер музыкалық аспаптарды қалай және қандай тәртіппен тасымалдау керектігін нақты айқындайды",- деді ол.
Оның сөзінше, тиісті шешім бір ай ішінде қабылдануы мүмкін. Жаңа ережелер барлық авиакомпанияларға міндетті болады.
Сондай-ақ, ол ереже аспаптың көлеміне байланысты жекеленген түрде шешілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар алдын ала хабарлау тәртібі де нақты белгіленеді.
Вице-министр оң шешім қабылданған жағдайда, музыкалық аспаптарды ұшақ салонында тасымалдауға 2026 жылдың мамыр айынан бастап рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін Еңбек министрлігінің жәрдемақыны арттыру мәселесіне қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript