Тәрбиешілердің өзі зорлық көрсеткен: министр балабақшалардағы жағдайды айтты

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, детские садики, дети, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 14:43 Фото: pexels
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 16 қарашада Құрылтайдағы үкімет сағатында балабақшалардағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық статистикасын жариялады. Мұндай оқиғалардың басым бөлігі жекеменшік мекемелерде болған, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Құрылтай депутаты Айжан Наимбекова мектеп жасына дейінгі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтау мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бұл жастағы балалар көбіне өздерімен не болғанын айтып бере алмайды. Депутат мұндай жағдайларды дер кезінде анықтау үшін қандай тетіктер енгізілетінін, балалардың жағдайын кім бақылайтынын және бұл шаралардың барлық балабақшада, соның ішінде жекеменшік мекемелерде міндетті түрде орындалуы қалай қамтамасыз етілетінін сұрады.

"Өздеріңізге белгілі, 2024–2026 жылдары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қоғамда резонанс тудырған 42 зорлық-зомбылық дерегі тіркелді. Оның 37-сі жекеменшік балабақшаларда болған. Ал 36 жағдайда балаларға тәрбиешілердің өздері зорлық көрсеткені анықталды. 2026 жылғы маусымда Оқу-ағарту министрлігі өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, осындай жағдайларда өзара іс-қимыл жасаудың ведомствоаралық алгоритмі мен әрекет ету тетігін бекітті. Бұл мәселелердің барлығы заңнамада қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте мұндай заңбұзушылықтарға шара қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің түсіндіруінше, баланың денесінде жарақат немесе зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін екенін көрсететін өзге де белгілер байқалса, тәрбиеші бұл туралы балабақша басшылығына хабарлауға міндетті. Ал басшылық өз кезегінде құқық қорғау органдарына хабар беруге тиіс.

"Бүгінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында осындай жағдайларда қажетті шараларды қабылдамағаны үшін 71 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-3-бабында балалардың құқықтары бұзылған жағдайда тиісті шара қолданбаған балабақша басшыларының әкімшілік жауапкершілігі көзделген. Қазірге дейін осы бап бойынша 135 балабақшаның басшысы жауапқа тартылғанын атап өткім келеді. Алдағы уақытта тәрбиешілердің психологиялық даярлығын жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастырамыз", – деді министр.

Бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтердің жалақысын қайта қарауды қолдауға дайын екенін мәлімдеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: