Қазақстанда қызметкерлерге қойылатын басты талаптар аталды

Центр занятости населения, поиск работы, работа, трудоустройство, вакансия, вакансии, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 11:01 Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 8 қыркүйекте Үкімет отырысында 2030 жылға дейінгі еңбек нарығына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, 2030 жылға қарай Қазақстан халқының саны 10%-ға артып, 21,6 млн адамға жетеді. Ал 15 пен 28 жас аралығындағы жастардың саны 29%-ға өсіп, 4,6 млн адамды құрайды.

"Колледжде білім алатын жасқа сәйкес келетін 15-18 жас аралығындағы азаматтардың саны 34%-ға, яғни 1,1 миллионнан 1,5 миллион адамға дейін артады. Осы кезеңде еңбек нарығы жыл сайын 225-256 мың маманға мұқтаж болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұл ретте сұранысқа ие мамандықтардың 70%-дан астамы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне тиесілі.

Министрдің айтуынша, бүгінде жұмыс берушілер қызметкерлердің кәсіби білімімен қатар, олардың қарым-қатынас жасау қабілетіне, сыни ойлауына, өзгерістерге бейімделуіне және цифрлық сауаттылығына ерекше мән береді.

Бұған дейін Қазақстандағы колледж студенттеріне төленетін стипендияның жаңартылған мөлшері белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: