Қазақстанда қанша бала бірінші сыныпқа барады
Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 18 тамызда өткен Үкімет отырысында мектеп оқушыларына қатысты статистикалық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің мәліметінше, қазір Қазақстанда 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. Онда 4,1 млн оқушы білім алып жатыр. Мектептердің 5 мыңнан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.
"Биыл бірінші сыныпқа 380 мың бала қабылданады. 227 мың оқушы 11-сыныпқа көшті. Өткен оқу жылында 230 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Ол Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесінің барлық деңгейінде жаңа Конституция қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізу бойынша кешенді жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып жатқанын айтты.
"Қазіргі уақытта мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары жаңа Конституцияның нормаларына сәйкес қайта қаралды", – деді министр.
Бұған дейін мектеп бағдарламасындағы кейбір пәндердің атауы өзгергені хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript