Шымкентте біреудің қойын бағып жүрген ер адам үш айдан бері табылмай жатыр

Сурет: polisia.kz
Шымкентте 48 жастағы Асен Таңсықбаев үш айдан бері хабарсыз кетіп, үйіне оралмаған. Әпкесінің айтуынша, ол біреудің қойын бағып, нәпақа тауып жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға арызданған әйел інісі маусым айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмағанын айтқан. Ер адам ұялы телефон қолдануды білмейді екен. Үйіне ай сайын келіп тұрған. Осы жолы ештеңе ескертпестен шығып кетіп, үш айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

ІІМ-нің мәліметінше, 1975 жылы дүниеге келген ер адамның бойы - 165-170 см. Орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде қара шалбар, қара футболка, қара түсті аяқ киім болған.

"Егер суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, бірден полицияның "102" арнасына немесе 98-07-10, 8700-097-13-13, 8775-777-23-07 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз", - деп хабарлады полиция.
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты