50 мыңнан аса дауыс жинаған петиция үкімет деңгейінде қаралады

Сурет: Zakon.kz
50 мыңнан аса дауыс жинаған петиция Үкімет деңгейінде қаралады. Мемлекет басшысы қол қойған "Қоғамдық бақылау туралы" және онлайн петициялар институтын заңмен бекітті.

Осыған қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді. Заң аясында петиция институты ресми түрде реттеледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Енді қазақстандықтар арнайы интернет-портал арқылы петиция жібере алады.

"Заң өтініш берудің бірнеше шектерін белгілейді. Аудандық деңгейдегі петицияларды ең аз дегенде 2,5 мың азамат қолдауы керек. Өтініш Үкімет деңгейінде қаралуы үшін 50 мың азаматтың қол қоюы қажет. Соңғы шешімді мемлекеттік органның бірінші басшысы қабылдайды, - деп жазды мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында." Аида Балаева, ҚР мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма