Шымкентте бір топ жігіт ұрыға білмей көмектескен

Сурет: polisia.kz
Шымкентте Абай аудандық полиция басқармасының "102" арнасына жергілікті тұрғын үйінің ауласындағы автотұрақтан мопед ұрланғанын айтып арызданды. Келтірілген материалдық шығын көлемі – 400 мың теңге, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жаса

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарына кірісті.

Жедел басқару орталығының көше камераларын тексеру кезінде ұрлық болған маңнан бір топ жігіттің мопед сүйреп шыққаны көзге түсті. Кейін, жас жігіт олардан "бұзылған мотокөлігін" жолдың шетіне дейін шығаруға көмек сұрағаны анықталды.

"Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде заң бұзушы тұрғылықты мекенжайында ұсталды, мопед тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу барысында күдікті ұрланған мүлікті 2 шақырымға дейін жалғыз сүйреп, өз үйіне жеткізгені белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр".Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісі Мұхтархан Дүйсенбаев
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды