Мұғалім оқушының басын тақтаға ұрды: Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Сурет: pixabay
5 қазанда әлеуметтік желіде мұғалімнің оқушының басын тақтаға ұрған видеосы пайда болды. Оқыс оқиға Ақмола облысы Жібек жолы ауылының мектебінде болғаны анықталды. Өңір полициясы болған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиғаға сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе кәмелетке толмағанды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқу, тәрбие, емдеу немесе өзге де мекеменің басқа да қызметкерінің осы міндеттерді орындамауы немесе кәмелетке толмағандарға қатыгездік таныту).

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалғаны нақтыланады.

"ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды", делінген полиция хабарламасында.

Видео авторы баланың артына бұрылып, қалам сұрағаны үшін таяқ жегенін айтады. 

Сонымен қатар, облыстың білім басқармасы аталған факті бойынша барлық мән-жайды анықтау үшін аудандық білім бөлімінің комиссиясы мектепке аттанғанын атап өтті. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін