Желідегі видео: Мұғалім жұмыстан босатылды, ал директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Сурет: Zakon.kz
Мұғалімнің оқушыға қатыгездік танытқан сәті түсірілген желідегі видеоға қатысты Ақмола облысының білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

И. Құтпанұлы атындағы мектепте болған оқиға фактісі бойынша Ақмола облысының білім басқармасы 2023 жылғы 5 қазанда мектептің тарих пәні мұғалімінің іс-әрекеті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралғанын хабарлады.

"Кеңес мектеп директорына тәрбие функцияларын орындайтын қызметкердің әдепсіз теріс қылық жасағаны үшін осы жұмысты жалғастыруға сәйкес келмейтін мұғалімді қызметінен босатуды ұсынды". Ақмола облысының білім басқармасы

Тарих пәнінің мұғалімі ҚР Еңбек Кодексі негізінде жұмыстан босатылғаны да нақтыланады.

"Мектеп директоры қол астындағы мұғалімнің педагогикалық этика нормаларын сақтауын жеткіліксіз бақылағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 5 қазанда әлеуметтік желіде мұғалімнің оқушының басын тақтаға ұрған видеосы пайда болды. Оқыс оқиға Ақмола облысы Жібек жолы ауылының мектебінде болғаны анықталды. Өңір полициясы болған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін