Павлодарда жол апатынан зардап шеккен тұрғынның талабы қанағаттандырылмады

Павлодарда жол апатынан зардап шеккен адамның талабы қанағаттандырылмады. Ол кінәлі тараптан моральдық шығын ретінде 1 млн теңге төлеуді сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талапкердің ішінара қанағаттандырылған бірінші сатыдағы соттың шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша моральдық зиян мен залалдарды өндіру туралы талабы бойынша істі қарады.

"Іс бойынша кінәлі тарап жол-көлік оқиғасы нәтижесінде талапкердің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілгені анықталды. Талапкер соттан 1 000 000 теңге моральдық зиянды өндіруді сұрады. Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды. Сөйтіп айыпты тұлғадан 100 000 теңге моральдық зиян өндірілді", - делінген хабарламада. 

Апелляциялық шағымда талапкер сот шешімін өзгерте отырып, толық көлемде қанағаттандыруды сұрады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 951-бабының 1-тармағына сәйкес, моральдық зиян тағайындалды.

Сот алқасы іс бойынша барлық заңдық маңызы бар мән-жайлар дұрыс анықталды, тараптардың дәлелдері жеткілікті толықтығымен тексерілді деген қорытындыға келді. Соттың шешімі баяндалған қорытындылары даулы құқықтық қатынастарды реттейтін материалдық құқық нормаларына сәйкес келеді.

Шағымданған шешім өзгеріссіз, талапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: