Науқас дәрігерінің телефонынан жалған қоңырау шалған

Сурет: Zakon.kz
Қарағандының медициналық мекемелерінің бірінде келеңсіз оқиға болды. 17 жастағы науқас 112 арнасына қоңырау шалып, қалалық ғимараттардың бірінде жарылғыш зат жасырылғаны туралы хабарлады.

Полиция қызметкерлері ғимаратты және оған іргелес аумақты толығымен тінтіп шықты. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған қоңырау жасалған абоненттік нөмірдің иесін анықтады. Ол медициналық мекеменің қызметкері болып шықты. Әйел телефонын палаталардың біріндегі үстелде қалдырып кеткенін айтты.

Мұны пайдаланған жасөспірім бомба туралы хабарлаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау – қоғамдық тәртіпке қол сұғатын қауіпті қылмыс.

Мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұл қылмыс түрі үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Сонымен қатар сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге жатады. Егер мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған жағдайда залалды өтеу оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.

Осындай қоңырау Петропавлдағы "SOS" дабыл батырмасына да келіп түсті. Ер адам қалалық нысандарды жарып жібергісі келетінін айтқан. Жалған террорист "ізін суытпай" ұсталды. 44 жастағы әзілқой енді заң бойынша қатаң жауапқа тартылатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

Баланы балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі