Алматының тұрғын үйлеріне жылу кезең кезеңімен беріле бастады

Сурет: Алматы әкімдігі
Мегаполисте 10 қазанда балабақшалар, мектептер мен ауруханалар жылуға біртіндеп қосылып, жылыту маусымы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев санаты бойынша нысандарды кезең-кезеңімен қосу үшін тиісті қаулыға қол қойды. Әлеуметтік нысандардан кейін алдағы демалыс күндері тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға жылу кезең-кезеңімен беріледі. Қазір жылу желілерінің айналымы (құбырларды жылыту) бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.

Алматыда барлығы 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана және 8836 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға қосылады.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, қалалық желілер мен жылумен жабдықтау жүйелері 100% дайын. Осы жылдың жылуаралық кезеңінде Алматыда 17 шақырым астам жылумен жабдықтау желілері, 120 шақырым электрмен жабдықтау, 43 шақырым сумен жабдықтау, 29 шақырым газбен жабдықтау қайта жаңартылып, жөнделіп жатыр.

Айта кетейік, тұтынушыларды жылумен жабдықтау мына ретпен жүзеге асырылады:

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді