"Дайынбыз". Жәнібек Әлімханұлы Гуальтиеримен жекпе-жегінің алдында мәлімдеме жасады

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы ертеңгі германиялық Винченцо Гуальтиеримен жекпе-жекке дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Салмақ өлшенді. Ертеңге дайынбыз!", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстандық WBO чемпионының нәтижесі - 72,257 келі, ал IBF чемпионы германиялық Винченцо Гуальтиери - 72,347 келі.

Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери жексенбі, 15 қазан күні таңертең екі орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін біріктіру жекпе-жегін өткізеді: WBO және IBF титулдары сөз болады. Бұл жекпе-жек Розенбергте (АҚШ, Техас) өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды