Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгертті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгерткен жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, комиссия құрамына:

Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;

Бурашева Гүлмира Майорқызы – "Қайрат Иманалиев атындағы мүгедектердің құқықтарын қорғау комиссиясы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша);

Ғиният Ажар – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Әлия Айтбекқызы Ехласова – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы;

Светлана Қабыкенқызы Жакупова – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы;

Зәкиева Динара Болатқызы – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша);

Имашева Снежанна Валерьевна - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;

Пен Сергей Геннадьевич – М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Провосты (ректоры)

Сәденов Ержан Сапарбекұлы – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Комиссияда қалды, бірақ әртүрлі лауазымдарда:

Әбішев Тастемір Дәуітұлы – қоғам қайраткері, Комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)";

Сәбитова Айнұр Әлімханқызы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан – Сорбонна институтының директоры, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

Сонымен бірге комиссия құрамынан мыналар шығарылды: Ахметжанова М.М., Алауханова Е.О., Башимова М.С., Бейсембаева Г.Б., Бектенова О.А., Қыдырәлі Д.Қ., Мыңбай Д.К., Оралова А.Р., Платонова А.С., Сайын А., Тілеуберді М.Б.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: