Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Сурет: Алматы ТДЖ баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Нұрлан Атығаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа бастықты ТЖД жеке құрамына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды.

Нұрлан Атығаев 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Айыртау ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастады. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2020 жылдың желтоқсан айынан 2023 жылғы қазан айына дейінгі аралықта Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді