Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ға дейін артты – ИКАО

Сурет: pixabay
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) аудитінің нәтижелері бойынша Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ға дейін артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл деректі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николас Ралло ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен кездескен кезде келтірді. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 13%-ға жоғары, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында Николас Ралло ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті, жолаушылар үшін әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе тасымалы нарығын ілгерілету бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан барлық реформа мен бастаманы қолдайтынын айтты", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен бірге кездесу шеңберінде Қазақстанда азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту мақсатында Ұшу қауіпсіздігінің ұлттық жоспарын әзірлеу және бекіту, авиация саласына арналған персоналды оқыту, авиациялық оқиғаларды тергеу жүйесін нығайту маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды