Ақмола облысында дәмханада мас қонақ даяшымен жанжалдасып, ыдыстарды сындырған

Сурет: polisia.kz
12 қазан кешкі сағат 21:00 шамасында Атбасар ауданының полиция бөліміне қала дәмханаларының бірінде бұзақылық фактісі туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері қатты мас күйінде өзін агрессив ұстаған, дәмхананың басқа клиенттеріне құрметсіздік көрсетіп, балағат сөздер айтқан, даяшымен жанжалдасқан және мекемеге тиесілі ыдыстарды сындырған ер адамды анықтады. Залал сомасы белгіленіп жатыр.

Жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. 32 жастағы құқық бұзушының жергілікті тұрғын екені анықталды, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам қатты мас болған.

Полиция бөлімі осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Естеріңізге сала кетейік, осы баптың санкциясымен бұзақылық, яғни бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы көрінетін қоғамдық тәртіпті бұзу – 2 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарымен, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі