Қазақстанда баласына алимент төлемеген 150-ге жуық әйел іздестіріліп жатыр

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық дерегі бойынша, Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестіріліп жатыр. Оның 1476-сы ер адам және 142-сі әйел адам, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалаушы орган жариялаған статистикаға сүйенсек, іздеуде жүргендердің көбінің жасы 31-40 жас аралығында екен.

Өңірлер бойынша қарастырсақ:

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы).

Анықтама ретінде: Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі :

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.

4 – бас бостандығынан айырылды,

2 – шартты түрде сотталды,

196 – бас бостандығын шектетілді,

5 – қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Бұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға да алимент өндіріп алынады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz порталында ("алимент бойынша борышкерлерді іздестіру" бөлімінде - тұлғаның тегі, аты - жөні) азаматтар, алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер болып саналатын тұлғаларды іздестіру есебінде болуын тексеруге болады.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды