Солтүстік Қазақстанда синоптиктер ауа температурасы төмендейді деп болжап отыр

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Содан кейін солтүстік-батыс циклон және атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай аумаққа жылжи отырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) және олардың жолында желдің күшеюін тудырады.

Синоптиктердің болжамынша, ашық ауа райы әлі де тек оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарда сақталады.

Ауа температурасы түнде республиканың басым бөлігінде 2 градус аяздан 10 градусқа дейін жылы болады.

Күндіз еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы бірте-бірте 10-15 градустан 5-10 градусқа дейін төмендейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды

"Медеу" қайта жаңғыртылып жатыр: мұз айдыны қалай өзгереді және жөндеу жұмыстары қашан аяқталады