Бектенов Aitu ұлттық мессенджерін енгізу жұмысының баяу жүріп жатқанын сынға алды

Ноутбук, работа за ноутбуком, дистанционная работа, работа на ноутбуке, удаленная работа, фриланс, цифровые документы, интернет, сеть, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 11:40 Фото: pexels
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 24 қарашада Үкімет отырысында Aitu ұлттық мессенджерін енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс тым баяу жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жаслан Мәдиевтің мәліметінше, қазір Aitu мессенджерінде 7 млн-ға жуық пайдаланушы тіркелген. Оны күн сайын шамамен 350 мың адам пайдаланады.

"Aitu-ды пайдаланған кезде мобильді интернет үшін ақы алынбайды. Платформада eGov GPT де қолжетімді. Жыл соңына дейін Aitu арқылы 55 мемлекеттік қызмет алуға болады. Сондай-ақ жыл соңына дейін eGov арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 75–80%-ын мессенджерге қосуды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік органдар мен "Самұрық-Қазына" компаниясы Aitu Workspace платформасын күнделікті жұмысында пайдаланып жүр", – деді Жаслан Мәдиев.

Олжас Бектенов мессенджерді енгізу қарқынына көңілі толмайтынын айтты.

"Бұл жұмысты жандандыру қажет. Aitu – жай ғана мессенджер емес. Біз оның негізінде ұлттық экожүйе құрып, бұл жұмысты белсендірек жүргізуіміз керек. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер Aitu-ды күн сайын пайдалануға тиіс. Қызметтік ақпаратты тек ұлттық мессенджер арқылы жіберу қажет. Осы мәселені қатаң бақылауға алыңыздар", – деп тапсырды Үкімет басшысы.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үш жылда телекоммуникация саласына салынатын инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: