Қарағандыда бопсалаушылардың ұсталғаны видеоға түсіп қалған

Сурет: pexels
Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне белгісіз тұлғалар жастары 18 бен 20 аралығындағы үш азаматтан ақша мен мүлік бопсалады деген ақпарат түсті.

Күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы 27 және 57 мың теңге шағын несие рәсімдетіп, сонымен қатар 850 мың теңгеге тауарлық несие алдырып, кейін несиеге алынған телефонды өздері тартып алған. Аталған дерек бойынша полицияда Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісі қызметкерлерінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 бен 20 жас аралығындағы үш азамат ұсталды. Ұсталғандардан айғақ заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілердің бірінен тапанша алынды. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Адилов.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты