ҚР СІМ Израильде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған екі қазақстандық туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: gov.kz
Израиль Сыртқы істер министрлігі елде бір қазақстандық қаза тауып, екеуі із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін Израиль Сыртқы істер министрлігі шет елдердің қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған азаматтары туралы ақпаратты таратқан болатын. Олардың мәліметінше, 218 адам қаза тауып, 78 адам із-түзсіз жоғалған.

Сурет: скриншот

16 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның Израильдегі Елшілігіне 100-ден астам Қазақстан Республикасының азаматы елден кетуге көмектесу туралы өтінішпен хабарласты. Олардың кейбірі қазақстандық дипломаттардың көмегімен өз бетімен елден шығып үлгерді.

Палестиналық ХАМАС қозғалысы мен Израиль арасындағы қақтығыс 7 қазанда содырлар Израильдің шекаралас аудандарына шабуыл жасап, жүздеген бейбіт тұрғынды өлтіріп, адамдарды кепілге алған кезде өрши түсті. Көп ұзамай Израиль армиясы ХАМАС тобын Израиль аумағынан қуып шығып, Газа секторын қоршауға алды.

Қазақстан
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін