Ақтөбеде көпір астында кісі тонаған екі күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде 18 қазанда шамамен түнгі сағат 02:00-де 20-25 жас шамасындағы бейтаныс екі жігіт 43 жастағы ақтөбеліктің телефоны мен ақшасын тартып алған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тонау дерегі Некрасов көшесінің Әкімжанов көшесімен қиылысындағы көпірдің астында болған, жас жігіттер мүлікті тартып алу үшін жәбірленушіге күш қолданып, қорқытқан.

Оқиға орнына шұғыл жеткен патрульдік полиция жасағының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, күдікті тұлғаларды анықтау мен ұстауға бағытталған іздестіру жұмыстарына жедел кірісті.

Нәтижесінде осы қылмысты жасады деген күдікпен 21 және 22 жастағы екі азаматты "ізін суытпай" ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсталғандар өзінің кінәсін мойындады. Ұрланған заттар күдіктілерден алынды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігімен ("Тонау") қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді