Хромтау тұрғынының көлігінен 3 қап шортан табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Хромтау қаласынан 60 шақырым қашықтықтағы Аққұдық ауылының маңынан Mitsubishi Pajero Sport автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қазан күні түнде Хромтау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қопа – Көктау қорықшылық қызметімен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізу барысында Хромтау қаласынан 60 шақырым қашықтықтағы Аққұдық ауылының маңынан Mitsubishi Pajero Sport автокөлігін тоқтатты.

Көліктің рулінде Хромтау қаласының 64 жастағы тұрғыны болды. Тексеру барысында көліктен 3 қапқа салынған 124 шортан мен үрлемелі резеңке қайық табылды.

Балықты заңсыз аулау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау) қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар алынды.

Тәркіленген балық өнімдерінің жалпы салмағы 90 келіден асты. Шығын сомасы – 600 мың теңге. Автокөлік полиция бөлімінің аумағына тұраққа қойылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді