Ақтөбе облысының тұрғыны сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеген

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысының тұрғыны сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алға ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын 32 жастағы әйел өзінің бұрынғы сыныптасына көпбалалы отбасы ретінде жеңілдікпен мемлекеттік бағдарлама арқылы қаладан пәтер алуға көмектесе алатынын айтқан. Қалада пәтерсіз жүрген сыныптасы оған сеніп, барлық құжаттары мен жеке деректерін берген.

Сыныптасының жеке деректерін біліп алған ауыл тұрғыны оны атына банктен, бірнеше шағын қаржы ұйымдарынан ақшалай несие және дүкендерден ірі көлемде тауарлық несиелер рәсімдеген. Жәбірленуші бір миллион теңге көлемінде қарыз болғанын өзіне несие төлеу мерзімі өткені туралы хабарламалар келе бастағанда ғана біліп, полицияға арызданды

Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен ("Алаяқтық") қылмыстық іс қозғалды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап жібергені анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды