Айбек Нұрахметов Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болды

Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы лауазымына Айбек Нұрахметов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Нұрахметов еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласының прокуратурасында бастаған. Аудан прокуратурасының стажеры, бөлім прокуроры, прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарында жұмыс істеді.

2004 жылы Қазақстан Республикасының Парламентінде қызмет атқарды. 2005 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында басқарма прокуроры, аға прокуроры, бөлім және басқарма бастығы, Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылдың қараша айынан бастап Бас Прокурордың арнайы тапсырмалар бойынша аға көмекшісі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі