Талғар тұрғындарын жарылыс дыбысы шошытты, ал ТЖД мұны растамады

Сурет: видео скрині
Талғар тұрғындары кеше, 21 қазанда жарылыс дыбысын естіген. Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоларды әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 21 қазанда сағат 19:06-да өрт сөндірушілер Талғарға шұғыл шақыруға шықты.

"Оқиға орнына барғаннан кейін Амангелді көшесінің бойында жеке тұрғын үйде жалпы ауданы 150 шаршы метр шаруашылық ғимараттарының, моншаның, сарайдың және шатырдың жанып жатқанын анықталды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Өрт сол күні 20:07 минутта ауыздықталып, 20:38-де сөндірілген. 

Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Өрт кезінде газ баллоны жарылмаған. Ал әлеуметтік желіде адамдар жарылыстың дыбысын естігенін жазып жатыр.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды