Ақтөбе облысында екі браконьер ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Шалқар ауданы ПБ қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында "Охотзоопром" аңшылық инспекторларымен бірлесіп, екі браконьерді ұстады.

Рейдтік іс-шаралар барысында далада мотоцикл мінген екі ер адам байқалып, олар полицейлерді көріп, жасырынуға тырысқан. Аталған адамдар қудалау жолымен ұсталды. Олар Қызылорда облысы Арал ауданының 23 және 27 жастағы екі тұрғыны болып шықты.

Ұсталғандардан полиция екі ИЖ мотоциклін және екі ақбөкеннің өлексесін тәркіледі. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілерге үш мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы не мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді