Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды

Сурет: gov.kz
Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz
"2023 жылғы 22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады".Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты

Еске салайық, бүгін, 23 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады.

21 қазанда агенттік бұрынғы әділет министрі "лауазым өкілетін асыра пайдалану" күдігі бойынша Марат Бекетаевтың ұсталғанын хабарлаған еді. Ол "талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарт жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген". Агенттік сол кезде күдіктінің аты-жөнін атамады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды