Әр кәсіптегі адамдарға жасалған ерекше құттықтау: "Бір жылылық, бір тосын сый"

Сурет: видеодан алынды
25 қазан – Республика күні қарсаңында "Jibek Joly" арнасының қызметкерлері отандастарымызға естен кетпес жарқын сәт, тосын сый жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар әртүрлі адамдарға, әртүрлі мамандық иелеріне жақындап келіп, тосыннан сый жасады.


"Әр мамандық – маңызды, әр кәсіп иесі – құрметке лайық. Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық қорғанында тұрған тәртіп сақшысы да, қолы – алтын, еңбегі ерен – құрылысшы да, аула мен көше тазалығын сақтап жүрген жұмысшылар да айналасындағы адамдардан мейірім күтеді. Бәріміз күтеміз. Осы орайда, 25 қазан – Республика күні қарсаңында "Jibek Joly" арнасының қызметкерлері отандастарымызға естен кетпес жарқын сәт, тосын сый жасады", делінген видеосы бар жазбада.

Бұл видеоның мақсаты - кішігірім болсын бөлінген көңіл адамдарды бақытқа бөлей алатынын көрсету.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео