Ақтөбедегі ат спорты мектебінен шу шықты

Сурет: akorda.kz
Ақтөбедегі ат спорты мектебінен шу шықты. Бұл мекемеге сатып алынған тұлпарлардың құжатта көрсетілгендей асыл тұқымды емес, қарапайым, аралас қанды жылқы екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі былтыр көкпарға арналған 13 ат сатып алу үшін байқау жариялаған.

Талап бойынша, жылқылар таза қанды, көкпарға машықтанған болуы тиіс еді. Конкурсты екі кәсіпкер жеңіп шыққан, деп жазады qazaqstan.tv.

Оның бірі 20 миллион теңгеге 8, екіншісі 15 миллионға 5 ат сатып алған. Бір жыл өткенде олардың талапқа сәйкес келмейтіні белгілі болды.

Бұл жағдайға қатысты құзырлы органдарға арыз да түскен. Ал мектеп басшылығының айтуынша, алынған жылқылар көңілдерінен шығады. Қазірдің өзінде жақсы жетістіктерге жетіп жүр екен.

"Қазір тексеріс болып жатыр. Ол тексерістің анығын енді шығарады. Тексеріп болғаннан кейін. Тексеріп кетті. Біздер көрсеттік. Ең болмаса, қаны болсын деп айтамыз ғой, жай жабы аттарды алып келмесін деп." Абат Аймағамбетов, спорт мектебінің директоры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент