Астана тұрғыны ойнап жүрген баланың сөмкесінен телефон жымқырған

Сурет: Zakon.kz
Елорда тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреу оның 9 жасар ұлының OPPO телефоны ұрланғанын айтып, 120 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргенін жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер жасөспірімдердің рюкзактарын көгалға тастап, ойын алаңында алаңсыз ойнағанын анықтады. Осы кезде балалардың ойынға айналған сәтін күткен қаскүнем еркін қол жеткізу арқылы баланың сөмкесіндегі телефонын алып, "ізін суытқаны" белгілі болған.

Балалар үйлеріне қайтпақ болған кезде олардың бірі телефонының жоғалғанын байқап, бірден ата-анасына хабарлаған. Жедел-іздестіру шарасы барысында Нұра ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада бұрын жасалған осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды