Депутат ең төменгі жалақыны 200 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

Сурет: Zakon.kz
Парламент мәжілісінің ЖСДП фракциясының депутаты Асхат Рахымжанов ең төменгі жалақыны 200-210 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын талқылау барысында Асхат Рахымжанов ЖСДП фракциясы 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы мен өмір сүру минимумының деңгейімен келіспейтінін айтты. 

"ЖСДП партиясы ай сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді. Біздің есептеуіміз бойынша, орта жағдайы бар қазақстандық барлық табысының 55 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Қазақстанда ең төменгі жалақы шамамен 200-210 мың теңге болуы керек". Асхат Рахымжанов

26 қыркүйек күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтың Қазақстанда ең төменгі жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеру туралы ұсынысына түсініктеме берді.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады