9 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр соңы қарға айналады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 9 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады.

Синоптиктердің болжауынша, ел аумағында тұман түседі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +6+8°C.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады 2-7, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +8+10°С.

Шымкентте – көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +8+10°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін