Астанада адвокат клиентінен 7 млн теңге бопсалағаны үшін сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2026 13:48 Фото: pixabay
Астанада адвокат қамауға алынған клиентіне үйқамаққа шығуға көмектесетінін айтып, ақша талап еткен. Алайда әйел оның ұсынысынан бас тартып, құқық қорғау органдарына хабарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Адвокат мәселені шешіп беру үшін 7 млн теңге сұраған. Ол мемлекеттік органдардағы байланыстарын пайдалана алатынын айтқан.

"Әйел заңсыз келісімге қатысудан бас тартып, құқық қорғау органдарына жүгінді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде адвокат ақшаны алғаннан кейін бірден ұсталды", – деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.

Сот адвокатты екі жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оған алты жыл бойы заңгерлік практикамен айналысуға тыйым салынды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: