Алматылықтар қаладағы тазалық мәселесі бойынша қайда шағымдана алады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы тұрғындары қаладағы тазалық сапасына байланысты шағымдана алатын жаңа арна ашылды. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді қала тұрғындары мен қонақтары қаладағы жолдарды, тротуарларды және қоғамдық орындарды тазалау сапасына ұсыныстарын немесе шағымдарын Whats App-тағы +7 706 689 88 98 нөміріне жолдай алады.

Арнаның жұмыс уақыты күн сайын 9:00-ден 18:00-ге дейін (жұмыс күндері).

Сонымен қатар сұранысты шаблонға сай бір мәтіндік хабарлама арқылы жасау керек екені айтылған:

"Үлгі бойынша жасалмаған өтініштер, кіріс қоңыраулар, дауыстық хабарламалар тіркелмейді. Ішкі аула туралы келген хабарламалар қабылданбайды".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін алматылықтарға жолдың жабылатыны туралы ескертілген еді. 12 қарашада Алматыда жарыс өтеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді