Қазақстанда әйелдердің көбі қай салада жұмыс істейтіні белгілі болды

Сурет: pexels
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының басым бөлігі қай салада жұмыс істейтінін және қай жұмысты ерлер, нені әйелдер жиі атқаратынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, халық санағы мәліметтерінше, 2021 жылы Қазақстанда 9 миллион 188 мың адам жұмыс істеген. Бұл 2009 жылғы санақ кезіндегіден 39,2% артық.

Көбіне қазақстандықтар үш салада жұмыс істейді. Елде ең көп ауыл шаруашылығы жұмысшылары бар: 1,41 млн адам (жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 15,3%-ы). Екінші орында көтерме және бөлшек сауда саласы (1,35 млн адам, 14,7%) тұр. Үшінші орында өнеркәсіп (1 млн адам, 11,1%) саласы.

Ең "еркекке тән" сала – ауылшаруашылығы. Қазақстандағы жұмыс істейтін ерлердің 17%-ы ауыл шаруашылығында қызмет атқарады. Ал әйелдердің басым бөлігі сауда саласында (барлық қызметкердің 16%-ы). Жалпы 12 жылда жұмыспен қамту құрылымындағы әйелдердің үлесі 3% өсіп, 48% болды.

Жұмыс істейтін қазақстандықтардың басым бөлігі қалада тұрады (62,5%, 5,7 млн-нан астам адам). 2021 жылғы жағдай бойынша жұмыспен қамтылған азаматтардың 30,8%-ының жоғары білімі бар. Жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі 30-34 жас аралығындағы азаматтар (2021 жылы 1 млн 450 мың адам).

Бұған дейін статистика мамандары Қазақстанның жұмыс істейтін әр алтыншы азаматы саудамен айналысатынын хабарлаған еді.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі