Қазақстанда апта сайын мыңнан астам адам қызылша жұқтыруда

Сурет: wikimedia
Қазақстанда қызылшамен ауырғандардың апта сайынғы өсімі 1300 адамнан асты. Көбінесе бұл қауіпті дертке жас балалар шалдығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылша ауруының көбеюі туралы мәліметтерді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл айтты, деп жазды 24.kz.

Бүгінгі таңда қызылшаны жұқтырған 13 мың адам анықталса, оның 11 мыңы балалар. Манар Смағұл қауіпті дерттің нақты емі жоқ, бірақ оның алдын алудың жолы екпе екенін айтты.

Еліміздегі емханалар дер кезінде екпе алмаған ересектер мен балалармен байланыста болған адамдарды иммундау жүріп жатыр. Бүгінге дейін сегіз мың балаға екпе салынды.

"Әсерін сәл кейінірек көреміз. Иммунитет қалыптасуы үшін уақыт керек, вакцина алғаннан кейін адам көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту керек, өйткені иммунитет қалыптасуы үшін 2 апта қажет. Қызылшаның салдары өте ауыр. Статистикаға сәйкес, 1000 науқас баланың біреуі қызылша энцефалитімен ауыруы мүмкін". Манар Смағұл

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елордадағы тоғызыншы қалалық емханада немересіне қызылшаға қарсы екпе салдырып, Қазақстанда өршіп тұрған қауіпті аурудан қорғау үшін министр ата-аналарды балаларын вакцинациялауға шақырды.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы