Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан жартылай финалға өте алмады

Сурет: ktf.kz
Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Словениямен сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Аустралияға 1:2 есебімен жол берген еді. Сондықтан плей-офф кезеңіне өту үшін Қазақстан үш ойында да жеңіске жетіп, 3:0 есебін тіркеу керек болды. Алайда алғашқы ойында-ақ Анна Данилина қарсыласы Кая Юваннан (1:6, 0:6) ойсырай жеңілді. 

Юлия Путинцева Тамара Зиданшекпен шеберлік байқасты. Мұнда есеп 2:6, 6:2 болған мезетте словениялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп жеңіс Юлияға берілді. 

Жұптық сында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Вероника Эрьявец — Эла Нала Миличті тізе бүктірді — 2:6, 6:4, 10:7. 

Осылайша, Словенияны 2:1 есебімен жеңгенімен, өз тобында екінші орын алған Қазақстан жартылай финалға өте алмады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек