"Оңтүстікте қатты ыстық болады". Еліміз бойынша 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қатты ыстық, ауа райы болжамы, 11 қыркүйек, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 18:05 Сурет: unsplash
Жұма күні, 2026 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері ұсынған ауа райы болжамында айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі.

Еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ батыс, солтүстік өңірлерде тұман түседі, солтүстік пен орталық аймақтарда дауыл тұрады, еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соғады деп болжанады.

Бұдан бөлек республикамыз бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа жел екпінінің күшеюі жатқызылады.

"Алматы облысы мен Жетісу облысында қатты ыстық болады деп болжанады: +36...+37°С дейін". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 11, 12 және 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: