Өңір басшысы Қарағандыны басып тұратын түтін мәселесі қашан шешілетінін айтты

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 11 қарашада өткен брифингте қаланы бөгіп тұратын түтін мәселесі қашан шешілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Қарағандыны басып, кетпей тұрып алатын түтіннің басты себебі экологтар сапасыз көмірге байланысты екенін айтқанын еске салды. Сөйтіп әкімнен бұл мәселенің қалай шешілетінін сұрады.

"Жаман көмір, арзан көмір болуы мүмкін, кейбіреулері, тіпті көмір қалдықтарын да пайдаланады, мұндай фактілер де бар. Қаланың ескі бөлігіндегі жеке бизнестің қазандықтарында солай болуы мүмкін", - деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Оның айтуынша, бұл мәселе қаланың ескі бөлігін газдандыру кезінде шешілетін болады.

"Қазір газдандыру процесі белсенді жүріп жатыр. Өздеріңізге мәлім, біздің азаматтарымыз газға көбірек қосылуы үшін бөліп-бөліп төлеу шартымен пайызсыз несиеге шамамен 300 млн теңге бөлдік. Бұл жұмыстар Қарағанды мен Теміртауда да белсенді жүргізілуде", - деп сөзін түйіндеді өңір басшысы.

2023 жылдың 6 ақпанында қарағандылықтарды қаладағы қалың түтін шошытып жіберді. 

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді