Алматыдағы "Южная" қазандығында электр қуаты аз уақытқа өшіп қалды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы "Южная" қазандығында электр қуаты қысқа мерзімге өшкеннен кейін қайтадан штаттық режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының хабарлауынша, 12 қараша сағат 09.40-та Бостандық ауданындағы "Южная" қазандығында құрылғы ажырап, электр қуаты аздаған уақытқа берілмей қалды. №3 су жылыту қазандығында қалдық газ-ауа қоспасының тұтануынан автоматика жұмысында ақау болды. 

Осы себепті жақын маңдағы үйлердің тұрғындары тарсыл тәрізді дыбысты естіген.

10 минуттан кейін жылу желілерінің гидравликалық режимін қалпына келтіре отырып, сорғы қондырғылары іске қосылды. 

Қазандық штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты