Жетісу облысында орманнан мыңға жуық ағашты заңсыз кескен күдіктілер жазаланды

Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында орманнан мыңға жуық ағашты заңсыз кескен күдіктілер жауапқа тартылады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл факт Ақсу ауданында тіркелді. Онда құқық қорғау органдары жаңа кесілген ағаш пен жүк тиелген тіркемесі бар жүк көлігін ұстады. Тексеру барысында Қызылағаш және Сағабүйен кенттері арасында заңсыз ағаш кесілгені анықталды.


"Орман алқабында барлығы 1000-ға жуық ағаш кесілген. Көлемі мен келтірілген залал әзірге анықталып жатыр. Осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Ақсу ауданының полициясы.

Заңсыз ағаш кесу дерегі бойынша Талдықорған мен Алматыдан келген 38 және 28 жастағы екі тұрғын күдікке ілінді. Ұсталғандарға қатысты келу туралы міндеттеме процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды