Адвокат: Талдықорған полиция бастығының қызды қорлағанын дәлелдейтін айғақ жеткілікті

Сурет: Жетісу облыстық полиция депарменті
Талдықорғандағы полиция басқармасы бастығының кабинетінде зорланған қыздың адвокаты оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол Марат Күштібаевтың 27 жастағы әйелді қорлағанын дәлелдейтін айғақтар жеткілікті деп отыр.

Адвокат Нұрлан Молбаевқа жәбірленуші жексенбі күні хабарласыпты. Оқиғаның қалай болғанын айтып көмек сұраған. Осыдан кейін ол басқарма бастығының басынғанын айтып, дереу ішкі істер министрлігінің қауіпсіздік қызметіне шағымданады. Бірер сағат ішінде бастықтың кабинетіне тінту жасалып, айғақтар алынған. Сараптама да жасалған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал жәбірленушінің қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілгенін адвокат жоққа шығарып отыр. Керісінше, 27 жастағы жәбірленушіні тыныштықты бұзған басқа адамға қарсы шағым жаздыру үшін басқармаға әкелген екен. Бірақ бастық күш қолданып, оны өз кабинетінде зорлаған. Қазір ауыр айып тағылған Марат Күштібаев тергеу абақтысында отыр. Осы қылмысқа қатысты тергеу ішкі істер министрінің тікелей бақылауында.

"Кабинетті қарап, тінткен кезде барлық айғақ зат алынды. Сараптама да жасалды. Күдікті қамауда отыр. Ал менің қорғауымдағы жәбірленуші ешқандай заң бұзбаған. Хаттама да толтырылмады. Керсінше, оған басқа адамның қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін полиция қызметкерлері "арыз жаз" деп өтініш білдірген. Ал ол бас тартқан. Зорлықтың кабинетте болғаны рас".Адвокат Нұрлан Молбаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды